2020 жылдың 2 желтоқсанында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында жарық көрген, «Теміртаулықтардың өмірінен алынған оқиғалар. Қала тұрғындары» атты кітаптар сериясының бірінші кітабының тұсау кесері өтті.

Жаңа музей басылымының мақсаты - музейдің көпжылдық өлкетану жұмысының нәтижелерін жариялау, азаматтарды туған өлкесін зерттеуге және дамытуға тарту, шынайы патриотизм сезімін тәрбиелеу.

«Теміртаулықтардың өмірінен алынған оқиғалар. Қала тұрғындары» кітаптар сериясының бірінші басылымы Теміртау қаласының Құрметті азаматы, «Құрмет белгісі», «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі Вахитова Нина Тимофеевнаға арналды.

Кітаптың тұсаукесеріне Теміртаудың зиялы қауым өкілдері, Қалалық ардагерлер кеңесінің белсенділері қатысып, музейдің кітаптар сериясын шығару бастамасын қызу қолдады. Тұсаукесер онлайн платформаларда тікелей эфирде көрсетілді.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбi - сенбi 9:00нен 18:00е дейiн

Үзiлiс: 13:00нен 14:00е дейiн

Демалыс - жексембi

Айдың бiрiншi дүйсенбiсi - санитарлық күн