2021 жылдың 4 наурызы күні Теміртау қаласының Перзентханасының 50 жылдығына арналған «Аялы алақан» экспозициясының ашылуы өтті.

Экспозиция «Босану залы» инсталляциясынан тұрады, онда гинекологиялық креслоны, гинекологиялық және акушерлік құрал-саймандарды, босану залының нақты көрінісін барынша жақын көруге болады. Сондай-ақ, экспозицияда Теміртау қаласындағы перзентхананың тарихы мен қазіргі замандағы жағдайы туралы баяндайтын ақпараттық блоктар орналасқан. Бұл бөлімде келушілердің жаңа туған нәрестені жөргектеу әрекеттерін нағыз жөргектеу үстелінде еске түсіруге немесе үйренуге мүмкіндігі болады.

Экспозицияны ашу құқығы Теміртау қаласының Көпсалалы ана мен бала орталығының директоры С.Ғ. Аманжоловаға және перзентхананың бұрыннан істеп жүрген қызметкерлерінің бірі А. В. Десятниченкоға берілді.

Экспозицияның ашылуына Теміртау қаласы Перзентханасының қызметкерлері мен ардагерлері шақырылды.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.