2021 жылдың 4 наурызында Теміртау қаласының Перзентханасының 50 жылдығына арналған «129 880» экспозициясының ашылуы өтті.
«Мен Теміртау перзентханасында дүниеге келдім» атты экспозиция музей акциясының нәтижесі болып табылады. Акция шарты бойынша, 1971 жылдан бастап қалалық перзентханада дүниеге келген теміртаулықтар музейге өздерінің сәби кезіндегі суреттерін жіберді. Акцияға 160-тан астам теміртаулықтар қатысты. Олардың фотосуреттері 129 880 санында көрсетілді. Дәл осыншама азаматтар саны Теміртау перзентханасында 50 жыл ішінде - 1971 жылғы наурыз бен 2021 жылғы ақпан аралығында дүниеге келген. (Теміртау қ. АХАТ деректері бойынша).
Акция бір ай бойы жүргізілді. Енді, Теміртау перзентханасында дүниеге келген, музейге келушілер жаңа туған нәрестелерге арналған клеенкалы биркаларда өз есімдерін жаза алады.
«129 880» экспозициясын ашу құқығы Теміртау қаласының Көпсалалы ана мен бала орталығының директоры С.Ғ. Аманжоловаға және
перзентхананың бұрыннан істеп жүрген қызметкерлерінің бірі А. В. Десятниченкоға берілді.
Экспозицияның ашылуына Теміртау қаласы Перзентханасының қызметкерлері мен ардагерлері шақырылды.