2021 жылдың 17 наурызында Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Тарихқа тағзым» күніне орайластырылған, қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жамбыл поэзиясы. Музейлік ассоциациялар» экспозициясының ашылуы өтті.

Музей қызметкерлері Жамбыл Жабаевтың поэзиясын жан-жақты зерделеп, оның өлеңдерінің мазмұнын музей жәдігерлері арқылы жеткізді. Ақынның өлеңдері әртүрлі тақырыптарда жазылған: Отанға деген сүйіспеншілік, достық, тұрмыстық тақырыптарда. Қазақ ақынының қоршауға алынған ленинградтықтарға («Ленинградтық, өрендерім) поэтикалық жолдауы – поэмасы бүгінгі күнде де әскери поэзияның інжу-маржаны болып табылады.

Тақырыпты көркемдік тұрғыда ашу үшін алты экспозициялық аймақ жасалды. Әр аймақта Ж.Жабаевтың өлеңдерінен қазақ және орыс тілдерінде үзінділер орналасты, ал экспозицияда – музей заттарынан құрылған инсталляция ұсынылды. Іс-шараның ашылу барысында Теміртау қаласының №4 орта мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Іс-шараға қатысушыларға алғыс хаттар ұсынылды.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.