2021 жылдың 21 маусымында «Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК - да тылда еңбек еткен мұғалімдермен кездесу өтті. Кездесу барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланы іске асыру шеңберінде музей шығаратын «Теміртаулықтардың өмірінен сыр шертетін тарих. Қалалықтар» атты кітаптар сериясынан жаңа кітаптың тұсау кесері өтті.

«Мұғалімдер – тыл еңбеккерлері» атты жаңа басылым Ұлы Отан соғысы жылдарында немесе балалық шағы соғыс жылдарына түскен теміртаулық педагогтарға арналған.

Кітапқа бірегей фотосуреттер, деректі материалдар, Теміртау тарихи-өлкетану музейінің қорынан алынған тыл еңбеккерлерінің естеліктері, Афонина Зоя Алексеевнаның жетекшілігімен Теміртау қаласының педагогикалық еңбек ардагерлері кеңесінің іздестіру жұмыстарының нәтижелерімен толықтырылған.

Кітапта 53 тыл еңбеккерлерінің есімдері көрсетілген. Олар: Д.К. Ахметова, Н.Т. Вахитова, теміртаулық ақын және ұстаз Ю. И. Показанов, В. Ф. Ященко, М. И. Эндеко және т. б. Бұл толық тізім емес. Зерттеу жұмыстары жалғасуда.

Кездесуге «Теміртау қаласының білім бөлімі» ММ басшысы Р.К. Қазтаев, педагогикалық еңбек ардагерлері Н.А. Береснева, В. А. Пластун, Л. А. Ходарева, қаланың жоғары сынып оқушылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуге 30 адам қатысты. Кездесу барлық қажетті санитарлық талаптарды ескере отырып өтті.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.