3 наурыз 2022 жылы Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейі Кеңес Одағының екі мәрте батыры, авиация генерал-майоры Т. Ж. Бигелдиновтың 100 жылдығына орай «Өмірден алынған көрнекі новеллалар» көшпелі іс-шаралар циклынан «Ұлы даланың Ұлы есімдері» атты арнайы жобаны өткізді.

Іс-шара № 10 ОМ 6 "Ә" сынып базасында өтті. Іс – шараны өткізуге Т.Бигелдиновтың өмірін баяндайтын қор экспонаттарының, мұрағат құжаттары мен бейнематериалдардың шағын экспозициясы негіз болды.

Арнайы жобаны өткізу үшін "қара жәшікте не бар" зерттеу форматы пайдаланылды, онда қазақ батырының тағдыры экспонаттар арқылы ашылды: ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, Қызыл Жұлдыз ордені, шырша бұтағы, 1938 жылғы үлгідегі банкноттар, тұмар, ұшқыш-сынақшының гермошлемі және т. б.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбi - сенбi 9:00нен 18:00е дейiн

Үзiлiс: 13:00нен 14:00е дейiн

Демалыс - жексембi

Айдың бiрiншi дүйсенбiсi - санитарлық күн