2022 жылдың 5 маусым күні елорда күніне орай «Тоғысқан тағдырлар» атты Open-аіг форматында фото экспозицияның ашылуы өтеді.

1994 жылы астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы жарияланған сәттен бастап қаланың әлеуметтік, мәдени және тұрғын үй құрылысының негізгі нысандарын белсенді салу басталады.

Қазақстанның жас астанасын абаттандыруда көптеген кәсіпорындар жұмыс істеді. Қысқа мерзім ішінде Нұр-Сұлтан инфрақұрылымы дамыған заманауи қалаға айналды. Теміртау кәсіпорындары да өз үлестерін қосты.

Әр қалай кезеңде құрылыста «Имсталькон-Теміртау» ЖШС құрылыс-монтаждау компаниясының, «Техол-УДР» корпорациясының, «Водоканалстрой» ЖШС өкілдері жұмыс істеді. «NORD Пром НС» ЖШС кәсіпорнының өнімі әлі күнге дейін елорданың жаңа тұрғын үй кешендерін салуда белсенді қолданылады.

«Тоғысқан тағдырлар»  экспозициясы көпшілік көру үшін музейдің қасбеттік терезелеріне орналастырылады. Онда сәулет нысандарының суреттері мен олардың құрылысына қатысқан кәсіпорындардың суреттері ұсынылады.

Теміртаулық кәсіпорындар «Бәйтерек» монументінің, ҚР Президентінің «Ақорда» резиденциясының, «Нұрлы жол» теміржол вокзалының, «Атамекен» ЭТНО-саябағының, «Астана. ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің павильондарының, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы, Астаналық цирк құрылысына қатысты.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.