2022 жылдың 21 қыркүйегінде «Музей педагогикасы» жобасы аясында «Мұны әркім білуі тиіс» интерактивті-оқыту тренингі өтті. Ол Қазақстан Республикасындағы еңбек күніне орайластырылған.

Әлемде көптеген түрлі мамандықтар бар. Олардың ішінде  күнделікті өмірде пайдалы болуы мүмкін мамандықтар да бар, ол үшін қарапайым негіздерді үйреніп, бастапқы кәсіби дағдыларды игеру қажет.

Бұл іс-шара үшін біз музей кеңістігінде мамандыққа сәйкес 5 аймақты белгіледік:

  • Автомеханик
  • Электрші
  • Сылақшы-сырлаушы
  • Тігінші-пішуші
  • Ағаш ұстасы

Әр аймақта музейге келушілер мамандық және еңбекті қорғау туралы ақпарат алды.

Олар кәсіби еңбек құралдарын зерттеп, олардың атауын және не үшін қолданылатынын анықтады.

Келушілер аймаққа сәйкес практикалық тапсырманы орындай отырып, алғашқы дағдыларды игерді – олар белгілі бір затты бояумен бояды, көлік доңғалағын монтаждады, шегелерді қағып және жұлып үйренді, электр тізбегін іске қосты, тігін машинасында мата тікті.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.