2023 жылғы 4 мамырда ҰОС Жеңіс күніне арналған «Уақыт жарып өткен көзқарас» жазықтық фотоинсталляциясын ұсынды.

1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4-те фашистік Германия Кеңес одағының аумағына алғашқы жаппай соққылар жасап, 1939 жылғы 23 тамыздағы неміс-кеңестік шабуыл жасамау туралы келісімді бұзды. Осылайша Ұлы Отан соғысы басталды.

Қазақстаннан жұмылдырылғандардың жалпы саны 1 196 164 адамды құрады. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының барлық майдандарында шайқасты.

 Ұзақ 1418 күн мен түнде КСРО халқы жеңіске жетті. Бұл кезеңнің қасіреті сол жылдардағы фотосуреттерде сақталған.

Кеңес Одағындағы әскери фотосурет әртүрлі міндетті атқарды. Ол майдандағы жағдай туралы хабардар етті, соғыстағы өлім мен қираған үйінділерді көрсетті. Сонымен бірге, ол тылда жақындарын көруді күткендерге, майданнан хабар беріп тұрды, және жеңістің жақын екенін жеткізді.

Майданда «Правда», «Известия», «Қызыл жұлдыз» сияқты орталық газеттерде, алдыңғы қатарлы газеттерде және ақпараттық агенттіктерде жұмыс істейтін мамандар ғана суретке түсіруге мүмкіндік алды.

Әскери корреспонденттер болып жатқан оқиғаларды жазып қана қоймай, жауынгерлермен бірге жаумен де шайқасты. Сурет шығаратын бөлмелер, редакциялар мен баспаханалар майдан пойыздарында орналасқан, олар пленканы редакцияға жеткізуге асыққан жеңіл ұшақтар сияқты жиі жау бомбасының астында қалатын.

Көбінесе әскери фотосуреттер сахналанған және көркем болды. Олардың басты мақсаты кеңес халқын жігерлендіру еді. Тылдағы адамдар газеттердің жаңа шығарылымын асыға күтті, өйткені жақындарын суреттерден көріп қалам-ау деген үміт болды.

Майданнан фотосуреттер үйге пошта карталары ретінде, конверттерсіз жіберілді. Фотосуреттің артында мекен-жай бөлімі, туыстарына арналған қысқа хабарлама жазылды. Барлығы әскери цензурамен тексерілді.

400-ден астам әскери фототілшілер ата-бабаларымыздың ерлігін кадрларда сақтап қалу үшін өз өмірлерін аямай, жалын шарпыған жерлерде жүрді.

Біздің музей қорында соғыс жылдарындағы 176 сурет сақталған. Біз оларды аңызға айналған «Рейхстагтағы Жеңіс Туы» фотосуретіне жинадық (авторы Е.Халдей). Бұл фото бәріне таныс, бірақ қазақстандықтар үшін маңызы ерекше.

1945 жылы 30 сәуірде жерлесіміз Рахымжан Қошқарбаев майдандасы Григорий Болатовпен бірге күндізгі 14 сағат 25 минутта  ерлік жасады. Қорғап тұрған фашистердің жаудырған оғының астында Рейхстаг ғимаратының орталық бөлігіне қарай, 360 метр қашықтықты, 7 сағат бойы жүріп өтіп, негізгі кіреберістің баспалдақтарына бірінші болып «Қызыл жалау» орнатты.

1942 жылдың тамызында Рахымжан Қошқарбаев 18 жасқа толуына екі ай қалғанда Көкшетау қаласындағы, Қазақстан мен Орта Азия республикаларынан сарбаздарды әскери даярлайтын атқыштар полкіне түсті. 1944 жылы 27 қазанда Фрунзе әскери училищесінің түлегі Р. Қошқарбаевқа кіші лейтенант атағы берілу туралы бұйрық шықты.

1945 жылы 16 сәуірде Одер өзенінің сол жағалауындағы әскери операция кезінде жаудың қатты қарсылығына қарамастан, Рахымжан Қошқарбаев пулемет нүктесін басып алып, жауды жойып жіберді. Ұлы Отан соғысындағы ерлігі  үшін І дәрежелі Отан соғысы орденімен, Қызыл Ту орденімен, «Берлинді алғаны үшін» медалімен марапатталған.

Жеңіс туын кім бірінші орнатқаны туралы әлі де пікірталастар бар. Ақтқатты табу оңай емес, оның ешкімге де керегі жоқ. Рейхстагқа шабуыл жасаған барлық ту ұстаушыларды есте сақтау маңызды. Кеңес армиясының жауынгерлері ғимараттың әртүрлі жерлерінде «Қызыл туды» орнатып, осы қанды соғысқа нүкте қойды

Бұл жеңіс символының артында миллиондаған адамдардың ерлігі мен өмірі жатыр. Сондықтан «Уақытты жарып өткен көзқарас» инсталляциясы Ұлы Отан соғысына қатысқан самарқандтықтардың суреттерінен құрылған. Самарқанд кентінен (қазіргі Теміртау қ.) 230-ға жуық адам майданға кетіп, тек 84 адам үйіне оралды. Жыл сайын қаза тапқан самарқандтықтардың санын нақтылау және жерлестерімізді еске алу жұмыстары жүргізілуде.

Біздің қалада соғыстан кейінгі үш ұрпақ өсті: жеңімпаз сарбаздардың ұлдары, немерелері мен шөберелері, Дегенмен, бүгінде, 78 жыл өтсе де олардың есімдері мәңгі біздің есімізде…

Фотоинсталляция музейдің қасбетінде орналасты және теміртаулықтар үшін 10 күн бойы қолжетімді болады.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.