2023 жылғы 9 маусымда Ғ. Жұбанова атындағы Балалар өнер мектебінің көркемсурет бөлімі оқушыларының шығармашылық туындыларының «Дарындар шоқжұлдызы» атты көрмесі ашылды.

Биылғы жылы Ғ. Жұбанова атындағы өнер мектебі өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтуде. Алғашында 1953 жылы бірінші музыкалық мектеп, ал 1978 жылы көркемсурет мектебі ашылды. 17 жылдан кейін олар бірігіп – Ғ. Жұбанова атындағы өнер мектебі болып мәртебесін өзгертті.

2002 жылдан бастап музейдің көрме залында жыл сайын «Дарындар шоқжұлдызы» есеп беру көрмесі өтеді. Онда түлектер өздерінің дипломдық және оқу жұмыстарын ұсынады.

Көрмеде техника, жанр және жасалу материалдардың алуан түрлілігімен ерекшеленетін 73 жұмыс ұсынылды. Балалар өз композицияларының тақырыбын жан қалауымен таңдайды, көбінесе олар қарапайым күнделікті өмірді бейнелейді. Көптеген туындыларда қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетін көруге болады. Туындылардың бір бөлігі ғарышқа арналған. Ал мүсіндік композициялар бір тақырыптық бағытта жасалған – «Ертегілер, қиялдар мен аңыздар». Сәндік-қолданбалы өнер – жіптен жасалған коллаждар, витраждар, сәндік тоқыма кеңінен ұсынылған.

2022-2023 оқу жылының дипломдық жұмыстары келесі оқытушылардың жетекшілігімен орындалды: Богза Е.Е., Градова Э.О., Пак И.Я., Рязанова В.Г., Соловьева С. П., Соловьев Ю. В.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.