2023 жылғы 11 шілдеде Металлургтер күні қарсаңында «Прокат тарихи» экспозициясының ашылуы өтті.
2023 жылы прокат өндірісінің негізгі цехтары – ЛПЦ-1, ЛПЦ-2, ЛПЦ-3, ЦГЦА мерейтойын атап өтеді. Бұл экспозиция мерейгерлерге арналған. Ол 4 негізгі блоктан тұрады.
Блоктардың әрқайсысында Қарағанды металлургия комбинатының қаңылтыр илемдеу цехтары тарихының негізгі тұстарын баяндайтын фотоматериалдар мен қысқаша ақпараттық бөлімдер ұсынылды:
- құрылыс және іске қосу;
- шығарылатын өнімнің ассортименті;
- өндіріс технологиясы;
- дайын өнімді жеткізу географиясы;
- осы саланың танымал тұлғалары.
Экспозицияда қолданылатын жәдігерлер прокатшылар шығаратын өнімдердің үлгілерін анық көруге мүмкіндік береді.