2023 жылғы 13 қыркүйекте №31 ЖББМ базасында А.Байтұрсыновтың туған күніне және Қазақстан Республикасының Тілдер күніне арналған «Тіл –халық даналығы» зияткерлік тренингі басталды.

Тренингке қатысушылар музейлік бірегей жәдігерлері арқылы, оның ішінде  ХІХ ғасырдың араб тіліндегі Құран кітабы, ХІХ ғасырдың соңындағы шіркеу-славян тіліндегі Інжіл, арабша өрме жазуы бар күміс Дирхем монетасы, М. Жаңабергеновтың 1938 ж. латын әліпбиін пайдалана отырып жазылған қазақ тіліндегі мандаты мен куәлігі арқылы Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін тілдің қалыптасу процесін зерделей алды, петроглифтерден, түркі руникалық хаттарынан және латын графикасына негізделген қазіргі қазақ әліпбиіне дейінгі қазақ жазуының тарихымен танысты. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың тілдесуінің ерекше формаларын көрсету үшін экспозицияда зағиптарға арналған кітаптар, Брайль бойынша жазу дағдыларын үйретуге арналған құралдар көрсетілді.

Экскурсанттар тілдерді меңгеру сынақтарынан өтіп, интерактивті ойын сәттеріне қатысты: көсемге жолдама жазды, «қара жәшіктің» құпияларын ашты және жәдігерлердің атауын үш тілде атады, «тілдік» мұнара салды, руникалық және араб әріптерін жазды, саңырау-мылқау тілін үйренді.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.