2024 жылғы 12 қаңтарда «Мен суретшімін – мен осылай көремін» атты қалалық суретшілер клубының есеп беру көрмесінің ашылуы өтті.

Клубтың 16 суретшісінің қатысуымен өткен «Мен суретшімін-мен осылай көремін» көрмесі көрермендерге 2022-2023 жылдар аралығында жасаған туындыларды алғаш рет көрсетуге бағытталған. Әрбір туынды талқыланып, өте қатаң түрде іріктелді. Нәтижесінде барлық жұмыстар есеп беру, қорытынды көрмеге қатыса алмады.

Ұсынылған туындылар жанрлардың алуан түрлілігімен және орындалу техникасымен ерекшеленеді. Классикалық, дәстүрлі шығармалардан бастап қазіргі абстракттық шығармаларға дейін. Олардың арасында графикалық туындылар сериясы, көркемдік пейзаж суреттері, грампластинкалардағы кескіндеме, сондай-ақ акрил құю - флюид - арт өнері де бар.

Пильтихин Ю., Малецкая Е., Мұстафина Х., Комарова Г., Малярова Г., Садовский В., Лазариди В., Литвинов А. сияқты бұрыннан келе жатқан суретшілер ғана емес, сонымен қатар алғаш рет клубтық көрмеге қатысып отырған Тришина П., Гайфулина О. өз суреттерін ұсынды.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.