2024 жылғы 13 ақпанда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде оқушылардың интернационалист - жауынгерлермен «Ауған күнделігі» атты кездесуі өтті.
Ауған соғысының ардагерлері А.А. Исаков, К.Т. Дүйсембаев, А.К. Ахмедиев соғыс жылдарындағы ауыр кезеңдер, қазақстандық жауынгерлердің батылдығы, әскери анттың адалдығы туралы әңгімеледі.
Кездесу сенімді сұхбат түрінде өтті: № 27 мектеп оқушылары Ауғанстандағы соғыстың ерекшеліктері, әскери операциялар, Ауғанстандағы кеңес жауынгерлерінің міндеттері туралы сұрақтар қойды.
Интернационалист - жауынгерлер оқушыларға: отанды сүюге және қорғауға, нағыз патриот болуға, адал және сенімді дос болуға талпыну керектігін жеткізді.