2024 жылғы 21 ақпанда «Ай жәдігері» жобасы аясында онлайн режимде «Кеншілер шамы» экспозициясының ашылуы өтті.
Қарағанды тарихы 1934 жылы 10 ақпанда қайта құрылып, қала мәртебесіне ие болған жұмысшы кентінен бастау алады. Кеншілер астанасының 90 жылдық мерейтойы аясында кеншілер шамы ұсынылып, Қарағанды облысындағы шахталарды жарықтандыру жүйелерінің эволюциясы туралы айтылды.
Біздің экспозицияда ұсынылған кеншілер шамы - 1950-ші жылдардағы «Красный луч» зауыты өндірген Дэви шамының кеңестік үлгісі. Кеншілер шамын Теміртау музейінің қорына қаланың ескі тұрғыны Владимир Дмитриевич сыйға тартқан болатын.
Кеншілердің көптеген ұрпақтары мыңнан астам адамның өмірін сақтап қалған осы қарапайым және сенімді шамды ерекше сезіммен еске алады.
Экспозицияның ашылуы «online» режимінде өтті.