2024 жылғы 28 ақпанда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде № 6 мектеп оқушыларымен «Семей полигоны: қайғы-қасіреті» тақырыбында BOF-сессия форматында іс-шара өтті.
Биылғы жылы «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының құрылғанына 35 жыл толады. Тарихи атаулы күннің аясында BOF - сессиясына қатысушылар қор фотосуреттері, жәдігерлер мен интерактивті бейнебаян арқылы антиядролық қозғалыстың алғышарттары және даму кезеңдерімен танысты. Әлемдегі ядролық қарудың құрылу тарихын зерттеп, радиацияның экология мен адамға тигізетін зияны мен әсерін талқылады.
BoF сессиясының екінші бөлімінде топтық жұмыс жүргізілді. Қатысушылар өз білімдерін кеңейте отырып, қазіргі мемлекеттерге ядролық қару қажет пе? – деген сұраққа жауап іздеді. Қазіргі әлемде антиядролық қозғалысты жүргізуде өз әдістерін ұсынды. Семей полигонын жабу туралы шешімді және ХХІ ғасырдағы антиядролық қозғалыстардың қажеттілігі туралы мәселені талқылады.