2024 жылғы 3 сәуірде Қ. И. Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай, Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» кафедрасының аға оқытушысы Қабашева Сәуле Дүйсенқызымен қала оқушыларының кездесуі өтті.

Оқушыларға сирек кездесетін «геолог» мамандығы, пайдалы қазбалар кен орындарын барлаудың өзектілігі, барлаудың қалай жүргізілетіні, Қарағанды өңірінің геологиялық тарихы қалай дамығаны және қазақстандық ғалым Қ.И.Сәтбаевтың Қазақстан өнеркәсібінің қалыптасуына, атап айтқанда Теміртау қаласына қосқан үлесі туралы білікті маманның өз аузынанан естуге мүмкіндік берілді.

Кездесу барысында іс-шара қонақтарына Теміртау музейінің қорынан жәдігерлер ұсынылды: геологтардың құралдары мен жабдықтары, Қазақстанның жер қойнауынан табылған кендер мен минералдардың үлгілері.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.