2024 жылғы 11 маусымда Әкелер күні қарсаңында «Отбасылық тимбилдинг» өткізілді. Тимбилдингке төрт команда қатысты: Әбдібаев Рүстем, Кучма Артем, Шарипов Станислав, Хажид Шарихад отбасылары. Ақпараттық блокта экскурсия жүргізуші отбасылық құндылықтар туралы, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы мұрағаттық фотосуреттерге сүйене отырып, әкенің отбасындағы рөлі туралы айтып өтті.
Ойын 7 турдан құралды. Бірінші турда ойынға қатысушылар жұмбақтар шешіп, арнайы «квадрожазушы» көмегімен жауаптарын жазды. «Квадрожазушы» құрылғысын ұстай отырып, қатысушылар оны синхронды түрде жылжытып, қағазға жауаптарын жазды.
ІІ турда қатысушылар - кірпіштен қабырға тұрғызды. Бүкіл құрылыс процесі жабық көзбен өтті. Әкелердің дауыстық командалары арқылы балалар құрылыс алаңына жетіп, қабырға тұрғызды.
ІІІ турда командалар жылдамдыққа қамшы өрді.
ІV турда қатысушылар Ф.Решетниковтың «Тағы да екі» және Б. Кустодиевтің «Шай ішкен саудагер әйел», «Шатлл» және «Буран» зымыран тасығыштарының әйгілі туындыларынан пазл жинады. Пазлды ұшында ілмектері бар таяқшалардың көмегімен жинады.
V турда балалар әкелердің қолдауымен экскурсия жүргізушінің айтуымен жәдігерлердің - патефон, глобус, камера, магнитафон - атауына сәйкес қолдары мен аяқтарын белгілі бір түстерге ауыстырып отырды.
VІ турда әкелер мен балалар бөренелерге шеге қақты.
VII турда балалар жәдігерлердің -телефон, сифон, арифмометр, диапроектор- түсіне сәйкес жылдамдыққа қазанға шарлар лақтырды. Тимбилдингке қатысушылар турлардағы тапсырмаларды уақыт бойынша өтті, нәтижелер қорытындыланды, 7 турдың қорытындысы бойынша Кучма Артем командасы ойынның жеңімпазы атанды. Ойынға қатысушылар дипломдармен марапатталды, ал Кучма Артемнің отбасы «Музей тимбилдингі» жеңімпазының медалінің иегері атанды.