2024 жылдың 17 қыркүйегінде «Ай жәдігері» жобасы аясында онлайн режимде «Бір шабадан далбаса» спектаклінің кейіпкерлері Айлакер мен Мұрттының костюмдерінің эскизі». Балалар мен жасөспірімдерге арналған Теміртау театрының тарихы» экспозициясының ашылуы өтті.
1989 жылы 28 маусымда Қарағанды облыстық халық депутаттары Кеңесінің Атқарушы комитеті Теміртау қаласында Балалар мен жасөспірімдерге арналған театр ашу туралы шешім қабылдады. Теміртаулық жас көрермендер театры Теміртау қаласының театр мәдениетін сақтау мақсатында ашылып, толығымен Қарағанды облысының жас көрермендеріне бағытталды.
Теміртау музейінің қорында ерекше жәдігер бар - «Бір шабадан далбаса» спектаклінің кейіпкерлері Айлакер мен Мұрттының костюмдерінің эскизі сақталған. Спектакль кезінде кейіпкерлердің костюмдері қараңғыда жарқырап тұрды, сондықтан оны көрсету үшін эскиз авторы Скокова Людмила Петровна қара қағазды пайдаланды. Скокова Людмила - театрдың бас суретшісі, ашылу кезеңінен бастап 2019 жылға дейін балалар мен жасөспірімдер театрында жұмыс істеді. Ол «Мәдениет қайраткері» Құрмет белгісінің, Қарағанды облысы әкімінің «Үздік театр суретшісі» сыйлығының иегері.
Біздің экспозицияда ұсынылған спектакльге арналған эскиздерді музей қорына Балалар мен жасөспірімдер театрының бас режиссері Ю. Синин тапсырды.