Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде  Т.Рысқұлов, Б. Майлин және  С. Сейфуллиннің 130 жылдығына орай  «АЛТЫ АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫЛАРЫ» зерттеу квизі өтті.

Іс-шараны өткізу үшін Қазақ мемлекеттік және саяси қайраткері, дипломат, түркі халықтарының құқықтарын қорғаушы Т. Рысқұловтың; көрнекті қазақ жазушысы, ақын, драматург, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Б. Майлиннің; қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы, қоғамдық және мемлекеттік қайраткер С. Сейфуллиннің өмірі мен еңбегін қамтитын кітап түріндегі шағын экспозиция негіз болды.

Әрбір қатысушы үшін зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған мұрағаттардан алынған құжаттардың көшірмелері бар папкалар дайындалды. Квиз 3 турдан тұрды: блиц сұрақтар, құжаттармен жұмыс, қара жәшік. Оқушылар 2 ойыншыдан тұратын 5 командаға бөлінді, әр команда тапсырмаларды орындап, ұпай жинады. 3 турдың қорытындысы бойынша 80 ұпай жинап, №10 ЖББМ 8 сынып оқушылары Лесбек Елназ, Жексембек Амина жеңімпаз атанды. Ойын жеңімпаздарына сыйлықтар табысталды.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.