2024 жылғы 22 қазанда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде   "Қыран елім-Қазақстан!" атты Қазақстан Республикасы күніне  зияткерлік ойын форматында брейн-ринг ұйымдастырылды.

Ойын 2 турдан тұрды. Ойыншылар екі командаға бөлінді. Әр турда әр дұрыс жауап үшін команда І балл алды. Ұпайлар саны таблоға шығарылды. Ең көп ұпай жинаған команда ойынның жеңімпазы атанды.

І тур "Сұрақ-жауап". Ойыншылар Қазақстан тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білімдерін сайысқа салды. 

ІІ тур "Қара жәшік". Қара жәшікте жәдігерлер жасырылған, ойынға қатысушылар сұрақтарға дұрыс жауап беріп, қара жәшіктегі заттарға қол жеткізді. Көрермендерге: құстұмсық жүзік, сәукеле, тымақ, құдағи жүзік, қамшы көрсетілді.

Ойын қорытындысы бойынша № 2 ЖББМ командасы жеңімпаз атанды. Жеңімпаз командаға естелік сыйлық берілді: Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінің "Орталық Қазақстанның үлкен металының қайнар көзі" авторлық кітабы.

Ойынға 20 адам шақырылды, олар Теміртау қаласының № 2 ЖББМ және №10 ЖББМ оқушылары.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.