2024 жылғы 15 қарашада Теміртау тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне арналған "Теңге-Қазақстанның ақша жүйесінің негізі" атты дөңгелек үстел, оның аясында музейдің нумизматикалық жинағының жаңа күміс монеталарының тұсаукесері өтті.

Тұсаукесердің бірінші бөлімінде б.з. 69-211 жылдарға жататын 7 дана Рим динарийлерінің күміс монеталары, сондай-ақ Алтын Орданың 10 дирхем күміс монеталарын  тапсыру сәті ұсынылды. Бұл монеталарды коллекционер Дуванов Валерий Федорович музейге сыйға тартты, ол көптеген жылдар бойы музеймен серіктестікте және коллекцияны үнемі қызықты және құнды жаңа нумизматикалық жәдігерлермен толықтырып отырады.

Екінші бөлімде "рroof" сапасындағы жаңа қазақстандық күміс коллекциялық монеталар: номиналы 500 теңге KIIZUI монетасы, номиналы 500 теңге ТILASHAR монетасы және номиналы 200 теңге болатын TUIE мельхиор монетасы ұсынылды.

 Қорытынды бөлімде музеймен тығыз байланыстағы серіктестер мен белсенді коллекционерлерді алғыс хаттармен марапаттау салтанаты өтті, сондай-ақ қатысушыларға ұлттық валюта тарихы бойынша экскурсия ұсынылды.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.