17 ақпанда сағат 16.00–де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында теміртаулық суретші Мустафина Хайнисаның 60 жылдық мерей тойына арнайы «Тарихи елестер» атты алғашқы жеке көрмесі ашылды. Хайниса Рахимжановна көп жыл бойы тарихи-өлкетану мұражайында бас суретші болып қызмет етеді. Барлығы отызға жуық суреттер көрмеден орын алды.
Іс-шараға Теміртау қаласының Ғ. Жұбанова атындағы өнер мектебінің оқышулары мен оқытушылары, суретшілер мен шығармашылық зиялылар қауымы қатысты.
Көрме суретшінің Теміртау қалалық мұражайында қызмет атқарған 14 жыл ішінде әртүрлі техникалық әдістердің қолдауымен салынған графикалық суреттер, театралдық костюмдер нұсқалары мен мұражай экспозицияның нұсқаларынан құралған бірнеше бөлімнен тұрды.