IMG 431712 наурыз сағат 12.00- де қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Наурыз мерекесі қарсанында  «Ұлттық салт-дәстүр» ғылыми-зерттеу жобасы аясында және мәдени мұраны сақтау барысында «Кәсіптік шеберхана» атты іс-шара өткізілді.

Экспозицияда ұлттық нақышта жасалған танымал  ағаш өнерінің шебері Төлеуғазы Дүйсенбеков өзінің  көптеген жұмыстарымен таныстырды. Көрермендер сәндік-қолданбалы қолөнері бұйымдарын көріп, ағаш ою өнерін тамашалады. Шебер ағамыз домбыра, саз сырнай, тай тұяқ жасаудың құпиясын ашты.

Шараға қазақтың ши тоқу өнерінің шебері Оспанкұлова Салтанат Мұратқызы өзінің шәкірті Жұманазарова Ұлболсынмен бірге ши тоқу сырымен бөлісті, Ұлболсын ЭКСПО-2017 эмблемасын шиден тоқып, көрерменді таңқалдырды.

Өмірбекова Сәлиман апа  көздің жауын алатын, қазақи дәстүр бойынша құралған құрақ көрпелердің тарихын айта отырып, оның жасалу жолдарына тоқталды.

Шараға 40-қа жуық адам қатысты  № 8  қазақ орта  мектебі және №10 аралас орта мектептерінің  оқушылары. 

IMG 4346 IMG 4365

IMG 4390 IMG 4395

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.