13 сәуірде Теміртау тарихи –өлкетану мұражайында ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына арналған «Бәріміз сайлауға!» атты экспозиция ашылды.
Экспозиция ашылуына болашақ дауыс беруші 18 жастағы колледж студенттері келді. Олар елімізде өткен сайлаулар тарихымен танысып, сайлау туралы Қазақстан Республикасының Заңы бойынша мәлімет алды. Жас дауыс берушілер "Сіз өз дауыс беру құқығыңызды білесіз бе?" деген сұраққа жауап іздеп, жасанды бюллетеньдерді толтырып, интерактивтік дауыс беру кабинасында қандай іс-әрекеттер жасалатынын көрді. Экспозиция мақсаты, жастарды Қазақстан азаматының дауыс беру құқығымен таныстырып, еліміздің болашағы үшін әр азаматтың жауапкершілігін ояту болды.