24 шілде күні сағат 16.00-де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында қарағандылық суретші Галина Коломенскаяның жеке көрмесі ашылды.
Ол ҚР-ның суретшілер Одағының мүшесі. 1999 жылдан Қарағанды жас суретшілер көрмелерінің, Астана қ. «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің қатысушысы. Теміртау қаласында, Қарағанды суретшілер Одағына қарасты жас суретшілердің шығармашылық бірлестігінің көрмелерінде өз жұмыстарын ұсынған болатын.
Жұмыстардың авторы өз ой өрісі, қиял желісі бар, күнделікті тіршілікте пайда болып тұратын – дүние қалай пайда болды, өткінші уақыт туралы - өмір сұрақтарына жауап іздейтін суретші. Сонымен қатар өте жеңіл және оңай әсер ететін суреттері де бар, мысалы «Жаз», «Таң» немесе бояуларымен алай дүлей эмоцияға бөлейтін «Кениялық тауларға саяхат» атты суреттері тағы бар.
Көрмеде 40-қа жуық майлы бояумен салынған көркем суреттер ұсынылған. Іс-шараға суретшілер Одағының мүшелері, шығармашылық зиялы қауым - суретшілер, фотографтар, ақындар қатысты.