30 қараша күні Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне орайластырылған «Мерзімді жеңе отыра» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шараға қаланың мектеп оқушылары, тарих пәні мұғалімдері қатысты. Осы іс-шара барысында мектеп оқушылары Нурсұлтан Назарбаевтың тұлға ретінде қалыптастыруына ықпал еткен өмірбаян деректерімен танысты. Мультимедялық экскурсия мен бейнебаяндар арқылы елбасының лауазымына енген сәттен бастап, ы және Президент қабылдаған қиын шешімдер және жобалармен бағдарламалары көрсетілді.
Іс-шараға дайындалған көрмеде қазіргі кездегі Қазақстан дамуының басты бағдарламалары атап көрсетілді: «2050- стратегиясы», инфроқұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама «Нұрлы жол», ұлттық патриоттық идея – «мәңгілік ел» және бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін 100 қадамдық ұлттық жоспар.