15 қаңтарда Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында «Үш басқа» көрмесі ашылды.
Қатысушылар үшеуі бір-біріне мүлде ұқсамайтын қаламыздың атақты суретшілері: Мустафина Хайниса, Пильтихин Юрий, Малецкая Елена.
Олар өз ісінің мамандары, сурет өнері олар үшін тек – әуес емес, олардың жұмысы, олардың өмірі. Әрқайсының өзіндік үлкен шығармашылық жолы мен бай тәжірибесі жинақталған. Суретшілер бірнеше рет аудандық және қалалық көрмелердің қатысушылары болған. Олардың шығармашылығында ерекше басым жағы ол – графика. Бейнелеу өнерінің дәл осы түрі суретшілерді бір көрмеге біріктірді.
Барлығы 60-тан астам графикалық жұмыстар арқылы, көрме қонақтары графикалық сурет өнерінің барлық мүмкіндері мен әртүрлілігін көре алды. Ұсынылған суреттердің негізгі жанры - портрет. Көрме ашылуына «Мирас» колледжінің студенттері, суретшілер, фотографтар, қаланың көркемөнер зиялылары қатысты.