Форумның мақсаты Ә.Бөкейхановты тек «Алаш» партиясының көсемі ғана емес, сонымен қатар жан-жақты тұлға екенін көрсету, атап айтсақ - энциклопедист, этнограф, ғалым, журналист-публицист.
Форумға Теміртау қаласының жалпы білім беретін мектептердің 9-10 сынып оқушылары, тарих мұғалімдері қатысты. Форумды бағалауға облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкерлері арнайы шақырылды.
Іс-шара барысы танымдылық ойын түрінде өтті, қатысушылар мұрағат құжаттарының көшірмесімен жұмыс жасап, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қорытындылар жасады.
Форумның ерекшелігі шығармышылық сайыс, бұл сайыста оқушылар Ә.Бөкейхановты тұлға ретінде ашатын эссе оқыды.
Қорытындыда барлық форум қатысушыларына диплом берілді, ал І деңгейлік дипломымен №15 қазақ мектеп-гимназиясы марапатталды.
Іс-шараны Ә.Бөкейхановтың өмірін баяндайтын мұрағат құжаттарының көшірмесі мен фотосуреттер көрсетілген экспозиция толықтырды, қазақтың тамаша қоғам қайраткері туралы көрсетілген бейнефильмнің үзіндісі ұсынылды.