5 сәуір күні қалалық тарихи-өлкетану музейінде тұңғыш қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқанына 25 жыл толғанын атап өтуіне орай «Қазақстандық ғарыштық эра» атты экспозициясының ашылуы өтті.
Шақырылған мектеп оқушылары ұсынылған негізгі тақырыпқа ашатын құжаттар мен фото-мәліметтермен танысты. Өзінің материалдарымен және мәліметтерімен ең кеңі «Тоқтар Әубәкіров» бөлігі, балаларға қазақстандық ғарышкердің бала кезінен бастап қазіргі кезге дейінгі өмірімен танысуға мүмкіндік берді. Ал балалар үшін есте қаларлықтай болғаны ұшқыш-сынақшының шлемін киіп көру болды.