30 мамыр сағат 12.00 де Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Күніне арналған «Қылмыстық құрамы жоқ» атты іс-шарасы өткізілді.
Теміртау тұрғындарының бұрындары жарық көрмеген естеліктері мен құжаттары негізінде тоталитаризм дәуірінің зұлымдылығы ашылып көрсетілді. Экспозицияда «халық жауларының»: арнайы қоныс аударушылар Н. Киселёвтың, В.Брыкалиннің, А. Зацепилованың; ұлттық себептермен қоныс аударылған Я.Лейкер, Э. Юнг, А.Хольцмиллердің; заңсыз сотталып, НКВД лагерінде жазасын өтеген – Г. Райк, В.Белинский, О. Перхинның, П.Гуляевтың құжаттары мен өз қолдарымен жазылған естеліктері де көрсетіледі. Іс- шараның қонақтары – Теміртаулық политехникалық колледж студенттері мен баспасөз өкілдерін бірегей қайғылы мәліметтер қызықтырып, қуғын-сүргін құрбандарымен Қазақстан жеріне, Теміртау қаласының дамуына жасаған еңбектері таң қалдырды.