22 тамыз күні Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Семипалатинск сынақ ядролық полигонының жабылуына және Олжас Сулейменовтың 80 жасқа толуына арналған «Таңдау құқығы» атты экспозицисының ашылуы өткізілді.

Экспозицияда ядролық қаруының жасалуы, оның сынақтары жасалған тарихына, «Невада-Семипалатинск» қозғалысының тарихына және Тәуелсіз Қазақстанның ядролық болашағын құру бастамасына көңіл бөлінді.

Экспозицияның қақ ортасында ядролық жарылыс инсталяциясы қойылды. Ядролық «саңырауқұлақ» арасында өмірді білдіретін экспонаттар: баланың аяқ киімі, шарқат, доп, фотосурет салынған жиектеме, және т.б. қойылды. Инсталяцияда адамдырдың тағдырын ойран еткен және болашаққа деген үмітін бұзған, барлық тірі жанды жайпаған атомның талқандау күші көрсетілді.

Экспозицияның ашылуна 1990 жылы Теміртау қаласында өткен «Әлем маршы» марафонына қатысқан – ақын Ботанов Қасым Ертайұлы, және осы оқиғаны бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жазған журналист Лахно Елена Алексеевна қатысты. Келген қонақтар теміртаулықтар полигонның жабылуын бұқара қолдағанын, қала тұрғындарымен «Нұра» қоғамдық топтың құрылғанын еске алды.

 

22-08-2016-1

22-08-2016-1

22-08-2016-1

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.