21 қыркүйек сағат 12.00 де қалалық тарихи-өлкетану музейінде «Шымылдырық сыртында» атты іс-шара болып өтті.
Іс-шараға қатысушылар - жас көрермен Театрының жұмысшылары. Бұл адамдарсыз, олардың ерекше мамандықтарысыз театрды көз алдына елестетуге болмайды - гримёр, постижёр, бутафор, костюмер, суретші, жарық беруші. Олардың мамандықты таңдауы қалай болды, мамандығын іске асыру үшін әрқайсысы қандай икемге және қасиетке ие болу керек, қиындығы неде – осы мәселе туралы әңгіме қозғалды. Сонымен қатар келген қонақтарға шеберлік сабағы да өткізілді. Іс-шараға «Мирас» колледжінің студенттері және №6 мектептің 9 сынып оқушылары шақырылды.