«EXPO - 2017» Астанада Дүниежүзілік көрменің ашылуына орай тарихи-өлкетану музейі 27 қаңтар күні «Жаңалықтар территориясы» экспозициясын ашты.

Ескі экспонаттар мен фотоматериалдар арқылы EXPO Халықаралық көрменің тарихы, веналық орындықтан бастап сенсорлы экранға дейінгі адамзаттың техникалық жетістіктері баяндалды. Іс-шара қонақтары белгілі мемлекеттердің нышанына айналған Эйфель мұнарасының, Атомиум, Бостандық ескерткішінің EXPO-ға қандай қатысы бар екендігін, және сол көрмелерде бірінші рет ашылған  қандай заттарды бүгінде біз қолданып жүрміз деген сияқты сұрақтарға жауап алды.

Экспозицияның маңызды бөлімі «Болашақ энергиясы» «EXPO - 2017» көрмесінің  тақырыбына арналды. Сонымен қатар, Қазақстанда және Теміртау қаласындағы экологиялық және ресурстарды үнемдеу жобасының жұмысы аталып өтті. 

 

01-02-2017-1

01-02-2017-1

01-02-2017-1

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.