2017 жылдың 17 қазанында «Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейі» КМҚ кәсіпорынында Рухани келісім және толеранттық күніне арналған «Діни экстремизм – зорлық-зомбылық ұясы» атты іс-шара өткізілді.

Іс-шараға ҚарМИУ студенттері мен «Мирас» колледжінің оқушылары және арнайы шақырылған қонақтар қатысты:

  • Теміртау қаласының конфессияаралық қатынастарды сараптау және зерттеу орталығының басшысы Қанаев Дәурен Шегениязович.
  • Теміртау қаласының Орталық мешітінің имамы - Абдраманов Ысқақ Рахымбекұлы,
  • Свято-Никольский шіркеуінің басшысы - дін қызметшісі Николай Әке.

Іс-шара сұхбаттық алаң түрінде өтті. Әңгіме барысында студенттер дін теология қызметкерлерінен өзекті сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар, діни экстремизм мен лаңкестік мәселелері, олардың Қазақстан аймағында жайылу мәселесі де көтерілді. Оқушылар ислам және христиан дінінің теориялық негіздерімен танысты.  

Іс-шараның соңында қатысушылар 60-тан астам бірегей, шынайы жәдігерлер арқылы көрнекті түрде әлемдік діндердің тарихымен танысуға болатын  «Дін тарихы діни-ғұрып заттар арқылы» экспозициясымен танысты.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.