17 шілдеде «Ұрпақтардың жанды байланысы» жобасының аясында Металлургтер күніне арналған «Шойын мен құрыш адамдары» атты А.Дәрібаев пен Е. Байғазиевтың 90 жылдығына және көрікші Адам-Юсуповтың 80 жылдығына арналған экспозиция ашылды.
Жыл бойында «Ұрпақтардың жанды байланысы» жобасының аясында зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қор материалдарын жинақтау барысында есімі елге танымал металлургтер – болат қорытушылар А.Дәрібаев пен Е. Байғазиевтың және көрікші Адам-Юсуповтың өмірбаяндары жиналды. , Биыл олар өздерінің 90 жылдықтары мен 80 жылдықтарын атап өтетін еді. Экспозицияның ашылуына «Зеркало» и «Вечерняя газета», «Индустриальная Караганда» газеттерінің журналистері мен «Сфера» және «ТТК» телеканал өкілдері қатысты.
Журналистердің ерекше қызығушылығын тудырған жәдігерлер – Қазақстан металлургиялық зауытының алғашқы болатының үлгісі, 40-50-шы жылдардағы болат қорытушының қорғаныс көзілдірігі, «Мой подарок ХХІІ съезда КПСС» деп аталатын Е. Байғазиевтың кітабы.