22 маусымда ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуына және Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің 85-жылдығына арналған «Туған өлкенің мәңгілік мұрасы» атты Қарағанды облысы музейлерінің апталығы өткізілді.
Бұл жобаны бірінші болып «Теміртау – Железная гора» (Теміртау тарихы инсталляция арқылы) экспозициясымен Теміртау тарихи-өлкетану музейі бастады. Теміртау тарихи-өлкетану музейінің көпжылдық жобалары нәтижесінде туындаған ең үздік экспозициялық идеялар арқылы кеңістік-визуалдық түрде Теміртау қаласының қалыптасуының тарихи кезеңдері баяндалды.
Бес экспозициялық бөлім қала тарихында орын алған маңызды оқиғаларды көрсетеді. Тоталитаризм кезеңінен бастап кішігірім Самарқанд кенті, сталиндік қуғын-сүргін торлары мен стахановшылар жеңісінен шырматылып, болашақтағы өнеркәсіп орталығы – Теміртау қаласына айнала бастаған тарихы.