27 шілдеде «Мәдени мұра» жобасының аясында «Теңіздің ар жағынан келген кәдесыйлар» атты экспозиция ашылды.
Экспозицияда инсталляция арқылы – уақыт аралығының байланысын көрсететін темір жол көпірі жасалды. Бұл экспозицияның мақсаты музей қорының және қала тұрғындарының жеке қорында сақталатын заттар арқылы 1957 жылдан басталатын кеңестік туризмнің тарихы мен бүгінгі замануи туризм туралы баяндау.
Экспозиция 2 бөлімнен құралды. Біріншісі кеңес дәуіріндегі туризмге арналды: ол кезде Теміртаулықтар қай елдерге барды, кәдесый ретінде қандай заттар әкелді. Теміржол рельстары витринаның ролін атқарды, ол жерде музей қорының жәдігерлері: буклеттер, курорт карталары мен билеттер орналасты. Екінші бөлім Тәуелсіз Қазақстандағы қала тұрғындарының саяхаттары жайлы.
Экспозицияның ең бір қызықты орны ол әлем картасы: адамдар бұл картадан барған елдерін тауып сол жерге жалауша тікті. Жалауша дәуіріне сәйкес кеңестік және қазақстандық болды.
Экспозицияның ашылу рәсіміне қаламыздың белгілі саяхатшысы – Ромашкин Ш.К. келіп, өзінің саяхаттары туралы әңгімеледі, сонымен қатар музей қонақтары мен ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.