25 қыркүйекте "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы аясында «Өткен күнге экспедиция» атты квест өтті.
Теміртау қаласының туған күніне арнап 29 қыркүйекте Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Музейлік квест» жұмысын бастады. Туған өлкенің тарихын зерттеу, жәдігерлермен жұмыс жасау, тарихи оқиғаларды жақсы білу, қаламыздың есімі аңызға айналған тұрғындарын тану – осының бәрін қызықты әрі тартымды логикалық ойында табасыз.
Квесттің алғашқы қатысушылары немелерімен музейге келген әжелер. Екі ұрпақтың өкілдері бір біріне көмектесе отырып көне жазудың құпиясын ашты, тұрмыстағы құралдардың дамуын зерттеп, өткен күннен келген хатты оқып, қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың жеке істерімен жұмыс жасай отырып, пластинкамен музыка тыңдап, бір емес бірнеше құпия жасырынды кодтарды шешті.
1 қазаннан бастап "Музейлік квестке" қалауынша кез келген адам қатыса алады – өйткені жоба үнемі жұмыс жасайды.