29 қыркүйекте Мұхтар Әуезовтың 120 жылдығына арнап «Кемеңгер келбеті» тақырыбында кішігірім экспозиция мен әдеби кеш өтті.
Бұл іс-шараны Теміртау тарихи- өлкетану музейі Теміртау қаласы кітапханаларының Орталандырылған жүйесімен біріге ұйымдастырды. Музей қызметкерлері «М.О. Әуезвтың музей-үйімен» қосыла отырып, ғылыми зерртеу жұмысын жүргізді.
Кішігірім экспедицияда қазақ кеңес жазушысы, драматургы, Ленин және Сталин сыйлықтарының иегері, Еңбек Қызыл Ту орденінің кавалері, Қазақ КСР-нің ғылым Академиясының академигі, филилогия ғылымының докторы М. Әуезовтың өмірі мен шығармашылық қызметі туралы баяндайтын архивтік құжаттар мен суреттер көрсетілді, сонымен қатар жәдігерлердің ішінде 1945 жылы басылымға шыққан, Дүниежүзілік әдебиет кітапханасына енген «Абай» кітабы да болды. .
Мультимедиялық экскурсияның сүйемелдеуімен балалар М. Әуезовтың жанды дауысын естіп, өмірінен үзінділер көрді. Іс –шара барысында №4 орта мектебінің жас дарынды оқушылары Оразалиева Ақзия мен Теміржан Теміров М. Әуезовтың алғашқы «Еңлік Кебек» пьесасынан үзінді көрсетіп сахналады. Іс-шараға №15 қазақ гимназиясының оқушылары қатысты.