17 тамызда "Меридиан" деп аталатын жүгіруді сүйетін жандардың клубына 35 жыл толуына арналған "361-ші меридиан" экспозициясы ашылды.
Жер шары 360 меридианға бөлінеді, ал Теміртаудың, белсенді әрі салауатты өмір салтын қалайтынтын адамдардан құралған, өз "Меридианы" бар. Сол марафоншылардың жасанды старттық нөмірлері экспозицияның көзге түсер жарық элементі болды. Оларда "Меридиан" клубының негізгі маршруттарының мерзімі мен ұзақтығы көрсетілді. Экспозицияның орталығында тау шыңындай төбеге көтерілген тумбаларда эстафеталық таяқшалар, естелік таспалар, сыйлықтар және де есімі елге танымал марафоншылардың жүгіруге арналған аяқ киімдері орналасты.
Ашылу салтанатына "Меридиан" клубының негізін қалаушылар, Алматы, Бурабай, Жезқазған және бүкілодақтық ғылыми- спорттық жүгіріс "Памир-89" сияқты атаулы марафондарға қатысқан алғашқы мүшелері Қ.М. Сүйімбаев, З. Жүнісбеков, Қ.Е. Ботанов, Ш.Қ. Ромашкин, Л.А. Асанова, Я.Л. Косулина қатысты.