27 қазанда «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарлама аясында «Селдей аққан металдың бастауы» облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференцияға кейінгі қола дәуірі кезеңіндегі Кент тауларында орналасқан Алат қонысына ұйымдастырылған археологиялық экспедиция мүшелері - Бөкетов ат. ҚарМУ «Археология, этнология және  Отандық тарих» кафедрасының және ҚарМИУ «Металлды қысыммен өңдеу» кафедрасының профессорлары қатысты. 2016-2017 жылдары Алат қонысына ұйымдастырылған археологиялық экспедицияның жетекшілері профессорлар  В.В. Евдокимов пен С.У. Жұмабаев баяндама оқыды. Олар ғылыми-зерттеу жұмыстары мен қазбалардың нәтижелерімен ой бөлісті. Темірді қорытуға арналған металгургиялық пештің қайта қалпына келтірілуі туралы доцент Ж.Қ. Аманжолов баяндады.

Музей Орталық Қазақстанда металлургияның даму тарихы туралы фото-құжат материалдары мен  қола, темір қорыту пештерінің макетін ұсынды.

Конференцияға 80-ге жуық адам - ҚарМИУ «Металлды қысыммен өңдеу» кафедрасының оқытушылары мен студенттері, қала мектептерінің тарих және қоғам пәндерінің оқытушылары, туристік клуб мүшелері, Теміртау қаласының құрметті металлургтері қатысты.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.