2 қарашада Теміртау қалалық тарихи-өлкетану музейінде Ғ.Жұбанова атындағы өнер мектебі оқушыларының есеп беру көрмесі ашылды.
Оқушылардың бір жылғы шығармашылық еңбегінің нәтижесі – кіші формалардағы мүсіндер, коллаждар, графикалық суреттер, басқа да әр түрлі техникада салынған суреттер – барлығы 70-тен астам көркем өнер туындылары музейдің көрме залынан орын алды. Алғаш рет 2017 жылғы мектеп түлектерінің дипломдық жұмыстары ұсынылды.
Көрменің ашылу салтанатына мектептің оқушылары мен оқытушылары, ата-аналар, қала суретшілері қатысты. Қала суретшілерінің «Т-Арт» клубының төрағасы Ю. Пильтихин тілек сөзін айтты. Өнер мектебінің музыка бөлімінің оқушылары өз құттықтауларын әсем әнмен жеткізді.