2018 жылдың 18 қаңтарында Теміртау тарихи-өлкетану музейінде "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарлама аясында Ахмет Байтұрсынұлының 145 жылдығына, Мағжан Жұмабайұлының 125 жылдығына арналған «Аманат» тақырыбында дөңгелек үстел форматында іс-шара өткізілді.

Іс-шараға «Мирас» колледж студенттері қатысты. Тарихта өшпес із қалдырған ірі тұлғалардың өмірбаяны олардың жеке іс қағаздарын зерттеу арқылы жүргізілді. Студенттер үшін бұл өте қызық болды. Олар архивтік құжаттармен жұмыс жасауды үйренді. Әрбір қатысушыға, алғаш рет жарық көріп отырған архивтен алынған, Ахмет Байтұрсынұлы мен Мағжан Жұмабайұлының өмірінде орын алған тарихи фактілер мен оқиғаларды сипаттайтын бірегей құжаттар мен фотосуреттер ұсынылды. Біріншіден әрине, саяси және кәсіби қызметін сипаттайтын. Көптеген құжаттар осы уақытқа дейін құпия болып келді, тек 2017 жылы астанадағы Ұлттық архивте алғаш рет жарық көрді.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.