12 қаңтарда музейде жаңажылдық карнавалдық костюмдердің «Креативтік бал-маскарад» көрме – сайысының нәтижесі шығарылды. Сайыстың басты шарты бойынша костюмдер ерекше жаңаша түрде, қолда бар әр түрлі материалдардан, өз қолымен тігіліуі қажет еді. 30 –дан астам астам өз жұмыстарын сайысқа салды. Жеңімпаздарды музейге келушілер дауыс беру арқылы үш жас шамасында таңдады.
6 жастан 11 жас аралығында, 69 дауыс жинап, 11 жасар Беркінова Нүргүл жеңіп алды.
12 жастан 18 жас аралығында, 56 дауыс жинап, 13 жасар Қамбарбекова Кәусар жеңімпаз атанса, 19 жастан жоғары жас шамасында 35 жасар Свищева Светлана жеңімпаз атанды.
Музейге келушілердің ерекше ілтипатына 7 жасар Кириллова Маргарита иеленді.