26 желтоқсанда «Креативтік Жаңа жыл» экспозициясы ашылды.

Мерекелік көрініс барысында жаңажылдық бал-маскарад дәстүрі қалай пайда болды, кеңестік дәуірде қандай костюмдер киді, оларды қалай жасады, жаңа жылдық костюмдерге елдің экономикалық жағдайы қалай әсер етті. Деген сияқты сұрақтарға жауап беретін экспозиция ашылды. Экспозицияда 60-90-шы жж. жаңажылдық костюмдер – мақтадан, капроннан тігілген көйлектер, плюш маскалар, сымнан жасалған Ақшақардың бас киімі және басқалары көрсетілді.

Балаларға арналған кеңестік жаңажылдық мерекелер туралы Теміртау қаласының есімі танымал азаматтарының жеке архивінен алынған ақ-қара суреттер баяндады. Суретте бейнеленген қояндар, түлкілер мен қарлықыздар бүгінде Теміртауда жауапты қызметтер атқарады. Кейбіреулер қала әкімшілігінде болса, енді біреулер бір мекемені, мектепті басқарып отыр. Олардың арасында музей қызметкерлері де баршылық.           

«Ерекше костюм» және «Карнавалдық костюмдердің элементтері» атауларындағы жаңажылдық костюмдердің көрме-сайысы ерекше орын алып тұр. Көрермендердің назарына 30-дан астам ерекше материалдардан жасалған креативтік костюмдар ұсынылды.

2017 жылдың соңғы күндері музей «Қарлы Ханшайымның» сарайына айналды, бұл жерде әртүрлі бейнеге айналып, абстрактық қысқы орман мен таңғажайып бақта естелік «селфи» жасау мүмкіндігі болды.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.