13 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне арналған «Параллельдер» жобасы аясында «Тарихты жасайтын тұлға» ашық іс-шара өткізілді.
Үш жыл бойы музей дарынды, еңбегі жемісті замандастарымызбен таныстыратын «Параллельдер» жобасын жүзеге асырып келеді.
Бұл жолғы іс-шара қонақтары:
- Харченко Светлана Владимировна – «Глория» үлгілі хореографиялық ансамбль жетекшісі;
- Варганова Елена Петровна – «Бейне» қоғамдық бірлестіктің төрайымы;
- Бектібаева Балкен – Эстрадалық вокалдан қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық сайыстардың жеңімпазы және дипломанты.
Басты кейіпкерлермен танысу экспозициядан басталды. Суреттер, дипломдар, кубоктар, медальдар, халықаралық және республикалық ұйымдардың марапат сыйлары – бұл олардың жетістіктерін дәлелдейтін материалдардың аз ғана бөлігі. Өз еңбегі туралы олар сұрақ-жауап форматында ой бөлісті. Іс-шара соңында Балкен тамаша ән орындап, «Глория» ансамблі әсерлі би сыйлады.
Политехникалық колледждің студенттері, №1 қалалық гимназия және №6 орта мектеп оқушылары – барлық жоғы 70-тен астам адам іс-шараға қатысты.