5 желтоқсанда Алаш орданың 100 жылдығына орай «Дәуірдің атаулы күні» атты экспозиция ашылды және дебат клубының отырысы өтті.
Экспозиция үш бөлімнен тұрды: біріншісі ХХ ғасырдың басындағы архитектураға тән ағашпен шегеленген терезе түрінде көрсетілді, бұл терезелерде «Алаш» партиясының құрылуының алғашқы себептерін айқындайтын архивтік құжаттар мен фото және видеоматериалдар орналасты.
Екінші бөлім «Алаш партиясының» қайраткерлерінің қайғылы тағыдыры туралы архивтік құжаттар арқылы баяндайтын кітап түрінде көрсетілді.
Үшінші бөлімде кенеп матада лагерь мұнаралары кескінделген және де «Алаш Орда» Үкіметін құру және Қырревкоммен бірігуі туралы материалдар ұсынылған. Дөңгелек үстелдің үстіндегі май шам ағартушылық пен қырағылықтың нышаны саналады. Соңғы бөлімде партия қызметі қорытындалған.
Экспозицияның нәтижесі ретінде «Алаш» партиясының қызметін талқылайтын мультимедия ұсынылады.
Музей қабырғасында алғаш рет британдық форматта дебат өткізілді. Британдық формат дегеніміз британдық парламент моделінің негізін құрайды. Бұл жерде қазылар алқасын өз сөздеріне сендіретін екі спикерден тұратын, екі жақтайтын (Үкімет командалары) және екі қарсылас (Оппозиция) командалары болады. Қазылар алқасы үш адамнан құрылды: Жаңабергенова Динара Кеңесовна – ҚМИУ «Энергетика, көлік және басқару» факультетінің деканының орынбасары, Байсал Ержан Нұрғалиевич – ҚМИУ 3 курс студенті, Рақымжан Өміржан Рақымжанович – ҚМИУ 2 курс студенті.
Командалар, №4, №5, №8 орта мектеп және №15 ҚМГ оқушылары сөз сөйлегеніне қарай раунд сайын 1-ден 4-ке дейінгі балл алып отырды (1 — өте жақсы, 4 — өте нашар).
№ 15 қазақ мектеп-гимназия оқушылары дебат жеңімпазы атанды.