Бұл жерде Облыстық тарихи-өлкетану музейінің және Теміртау қалалық тарихи- өлкетану музейінің қорынан 270- тен астам тарихи мұра назарларыңызға ұсынылады. Олардың басым көпшілігі «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүргізілген археологиялық және этнографикалық экспедициялар барысында табылды.

Қарағанды облысының өткен заманнан бүгінгі күнге дейінгі дамуын көрсететін  экспозиция сегіз бөлімнен тұрады:

  • Палеолит дәуірі;
  • Қола дәуірі;
  • Темір дәуірі
  • Орта ғасыр VI-ХVІІ ғғ.;
  • Номадтар аңшылығы;
  • ХVIII-ХIХ ғғ.кезең;
  • ХХ ғ. кезең. Қоянды жәрмеңкесі.
  • Сәндік-қолданбалы өнер топтамасы;

Палеолит және қола дәуірінде археологиялық қазба нәтижесінде табылған, ежелгі тайпалардың материалдық мәдениетін көрсететін - тас және қола қарулар мен еңбек құралдары  - археологиялық құндылықтар орналасқан. Кейінгі қола дәуірінде металлургиялық пештің нұсқасы, күйіктас көрсетіледі. Бұл бөлімде экспозицияның орталығын қалпына келтірілген әскери киімдегі сақ билеушісі «Сарыарқаның Алтын адамы» алып тұр. Сонымен қоса Талды 2 қорымындағы қазбалар туралы фотоматериалдар ұсынылады.

Орта ғасыр дәірінде жауынгерінің сауыт-сайманы мен қару-жарағы және номадтар аңшылығы орналасқан.

Экспозицияның көптен бір бөлігі «Қоянды жәрмеңкесі» туралы баяндайды. Бұл жерде ХІХ-ХХ ғғ. этнографиялық жәдігерлер сол кезеңдегі саудалық қарым-қатынастарды көрсетеді. Сәндік-қолданбалы өнер топтамасында ХІХ-ХХ ғғ. ат әбзелдері, тұрмыстық бұйымдар, күміс зергерлік бұйымдар ұсынылған.

Ашылу салтанатында  Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері, қала әкімшілігінің өкілдері, қала мектептерінің тарих пәнінің оқытушылары, Жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ҚарМИУ  студенттері қатысты.

 

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.