2018 жылдың 13 наурызында Теміртау тарихи-өлкетану музейінде Наурыз мерекесіне арналған «Жаңа күннің құпиялары» тақырыбында квест өткізілді.

Квест музейдің бес залында өтті. Дәстүрлі наурыз үстелін жаю туралы тапсырма алып – балалар сандықты ашты, ол жерден карта алып, кортада,ы көрсетілген жолмен негізгі локациялар бойынша аттанды. Олар „Наурыз“ тақырыбындағы космогендік ою-өрнек жинап,  киіз үйдің күн сағатын зерттеп, 6 сынақтама қадамнан өтіп, сұрақтарға жауап беріп, наурыз көже дайындап, жасырынған құпия сөздерді шешіп, асық ойнады. Әрбір тапсырма музей жәдігерімен байланысты, бірақ олармен танысу тапсырмаларға дұрыс жауап бергенде ғана мүмкін болады. Нәтижесінде жеті затты жинап, мерекелік наурыз үстелін жайды.

Квесте №24 орта мектептің төртінші сыныбы қатысты. Тақырыптық ойын түрінде өткізілген квест балаларға өз білімдерін қолдана отырып тапсырмаларды орындап, ойдағыдай аяқтауға мүмкіндік берді.

Квест екі апта бойы өткізіледі. Осы уақыт аралығында жазылу бойынша 1200 адам қатысады деп  жоспарлануда.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.